- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Заң аясында жазаланады!"...
"Заң аясында жазаланады!" Қарағанды облысының әкімі соққыға жығылған қызметкер туралы
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев соққы жеген жедел жәрдем қызметкеріне қатысты оқиға жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадаларына қауіп төнген жағдайда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмін қабылдау қажеттігі айтылды.
Өңір басшысы жедел жәрдем жүргізушісіне зақым келтірілген оқиғаны өрескел деп атады.
"Бұл азаматтың орналасқан жері көп кешіктірмей анықталады. Жақын арада полиция оны табатынына сенімдімін. Біздің азаматтар жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарайтынын білемін. Алайда, кейбір адамдардың шыдамдылық танытпауы жалпыадамзаттық құндылықтардан, сыйластықтан, гуманизмнен жоғары болып тұрған тұлғалар да бар.
Жедел жәрдем қызметкерлеріне және жалпы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмірін өлімнен арашалап қалатын басқа да маңызды салаларда жұмыс істейтін адамдарға қатысты кез келген осындай әрекеттер заң аясында жазаланады!", - дейді , Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімі тұрғындарды ережелерді сақтауға, жолдарда жедел жәрдем көліктерін өткізіп жіберуге, жанжалға жол бермеуге шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Видео телеграм арналардың бірінде тараған болатын. Роликте ер адам жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, артынша соққыға жыққанын көруге болады.
Артынша соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Артынша жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина