Алматы облысында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемалары туралы сөз қозғалды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, ескерткіш салуда көпшіліктің пікірі ескерілгені, Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отырғаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Кеген ауданында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші орнатылатыны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!