- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап...
Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер саны өсті
Ыстамбұл орталығында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жетті. Бұл туралы Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді, - деп хабарлайды gazeta.ru сайты.
Фуат Октайдың айтуынша, зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.
"Жарылысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен әйел ұсталды. Жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты. Жараланғандар саны 81-ге жетті, олардың екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер саны 53-ке, ал қаза тапқандар саны 6 адамға жеткенін айтып, бұл жарылысты теракт деп бағалаған болатын.
Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген.
Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова