Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Менің ойымша, Президенттің ант беруі, ұлықтау рәсімі, көп қаржыны қажет етеді деп ойламаймын. Сондықтан, біздің тарапымыз қосымша қаражат бөлінбейді", - деп жауап берді Жамаубаев журналистердің сұрақтарына.
26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді.
Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!