Massaget.kz тілшісі өткен аптада болған маңызды жаңалықтарға шолу жасады.
Маңғыстау облысы прокуратурасы Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс істеген қызметкерлерді анықтады. Жалған құжат пайдаланылған 8 дерек анықталған, яғни Ақтау колледждерінде 5 оқытушы, Қарақия ауданында 3 оқытушы жұмыс істеген.
Прокурорлар барлық дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастап, материалдарды одан әрі тергеу үшін полиция органдарына жолдаған.
Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Сора Рахмонова. Фото: NFC
Қоян-қолтық ұрыстан Сора Рахмонова бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған. Астанадағы жарыста тағы да өзіне тең келер қарсылас жоғын дәлелдеді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияны ұтты. Белфастта өткен ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама қорғаныста мығым ойнады. Қарымта шабуылда жеңіске бастар жолды іздеді. Сондай мүмкіндікті 81 минутта алаңға шыққан Абат Айымбетов тудырды. Араға 7 минут сала алаң ортасында допты алып, шабуылды өзі аяқтады. Алаң иелері қорғаушыларынан сытылып шығып, жеңіс голын соқты.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде үшінші ойын қатарынан жеңіске жетіп, Еуропада сенсация жасауда. Бұған дейін қазақ футболшылары Дания мен Сан-Марино құрамаларынан 3 ұпайдан алған еді. Н тобында Финляндиямен бірге 9 ұпаймен үзеңгі қағыстырып келеді. Келесі ойынын Қазақстан құрамасы 7 қыркүйек күні Финляндияға қарсы өткізеді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесиеге қатысты сұраққа жауап берді.
Ақорда кулуарында журналистер министрден жеңілдетілген автонесие беру қашан жалғасатынын сұрады. Қарабаевтың сөзінше, жеңілдетілген автонесиеге бөлінген ақша қоғамдық көлікті несиелендіруге жұмсалады. Марат Қарабаевтың сөзінше, Қостанайда қоғамдық көліктің 90 пайызы тозып кетсе, Талдықорған мен Оралда қоғамдық көліктердің 70 пайызы тозған.
20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мұрадовқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Айта кетейік, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алғаны хабарланған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ.
20 маусымда экс-министр, Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты.
Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына шығарылған сот үкімін оқыды. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, сот Мұхамедиұлын мемлекеттік наградалардан айыру туралы қаулы шығарды. Сот шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Арыстанбек Мұхамедиұлының қандай мүлкі тәркіленетіні белгілі болды
Бұл туралы Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
"2023 жылғы 20 маусымда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі айға дейін, яғни 2023 жылдың 21 тамызына дейін ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады сот.
Сенат депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Осыған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заң жобасын таныстырған сенатор Евгений Болгерт заңның негізгі мақсаты қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ, электрсамокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу екенін атап өтті.
Самокат айдаушылардың назарына: не болады, не болмайды?
Электрсамокаттарға қатысты өзгерістермен мына сілтеме арқылы оқып таныса аласыз.
Сот үкімі бойынша Мейірхан Шерниязов бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға, Мейіржан Төребаев та тек бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.
Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мейірхан Шернияз ең аз қауіпсіздік колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Astex.kz ЖШС басшысы Алмас Құрманғалиев - 14 жылға
қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Дания Рахимова - 10 жылға
қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар Ержан Мансұров - 9 жылға, Ерлан Мансұров - 9 жылға
Руслан Бурханов - 12 жылға
Mudarabah Capital қаржы пирамидасының бұрынғы қаржы директоры Тимур Рүстемов - 12 жылға
Mudarabah Capital құрылтайшысы Андрей Ча - 8 жылға
Mudarabah Capital құрылтайшысы Самат Қасенов - 8 жылға
заңгер Нұрлан Сұлтанбаев 8 жылға
Mudarabah Capital құрылтайшысы Біржан Жармұхамед 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
24 маусымда ресейлік БАҚ-тар Ресейде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын. Федералды қауіпсіздік қызметі "Вагнер" жеке әскери компания басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пригожиннің сөзінше, "РФ қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған". Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.
ВВС ресейлік қызметі Вагнер мен Ресейдің қорғаныс министрлігі арасындағы қақтығыс жетер жеріне жеткен. "Вагнерліктерге" жасалған зымыран соққысынан кейін Пригожин "әділдік маршын" бастауды шешіпті-мыс, көбісі бұл әскери төңкеріс жасау әрекеті деп бағалаған.
Ал Ресейдің ресми билігі зымыран соққысы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ол арандату екенін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Сонымен қатар, ФҚК "түзетілмейтін қателіктер жібермеуге, Ресей халқына қарсы кез келген әрекетті тоқтатуға, Пригожиннің қылмыстық және сатқындық бұйрықтарын орындамауға, оны ұстауға шаралар қабылдауға" шақырды. Артынша бұл жайтқа қатысты ел президенті Владимир Путин мәлімдеме жасады. Ол бұл жайт елге деген сатқындық екенін айтқан болатын. Ал Путинмен телефон арқылы сөйлескен Президент Тоқаев "бұл Ресейдің ішкі мәселесі екенін" айтты.
Артынша Пригожин мен Лукашенко күні бойы келіссөз жүргізіп, "Вагнер" басшысы "қантөгіс" болмайтынын айтып, Мәскеуге бара жатқан жерінен қайтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!