Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі мәлімдеме жасап, Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге байланысты оларға барудан бас тартуды сұраймыз. Ресей Федерациясындағы, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтардағы барлық азаматтан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде консулдық есепке тұруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Елшілік өкілдерінің сөзінше, форс-мажорлық жағдайлар туындаған болса Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. 

Елшіліктің сенім телефоны: +7-925-897-71-14.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше ресейлік БАҚ елде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.

Федералды қауіпсіздік қызметі "Вагнер" жеке әскери компания басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Пригожиннің сөзінше, "РФ қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған". Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды. 

БАҚ Ресейде әскери төңкеріс басталғанын хабарлады: елде не болып жатыр?

ВВС ресейлік қызметі Вагнер мен Ресейдің қорғаныс министрлігі арасындағы қақтығыс жетер жеріне жеткен. "Вагнерліктерге" жасалған зымыран соққысынан кейін Пригожин "әділдік маршын" бастауды шешіпті-мыс, көбісі бұл әскери төңкеріс жасау әрекеті деп бағалаған. 

Ал Ресейдің ресми билігі зымыран соққысы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ол арандату екенін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости жазды. 

Сонымен қатар, ФҚК "түзетілмейтін қателіктер жібермеуге, Ресей халқына қарсы кез келген әрекетті тоқтатуға, Пригожиннің қылмыстық және сатқындық бұйрықтарын орындамауға, оны ұстауға шаралар қабылдауға" шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина