- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Вайнер Мейіржан Төребаев...
Вайнер Мейіржан Төребаев неліктен үйіне жіберілді? ҚАЖД түсіндірді
Желіде 5 жылға сотталған блогер Мейіржан Төребаевтың отбасымен қауышқаны бейнеленген видео тарады. Осыған байланысты Павлодар облысы бойынша ҚАЖД сотталушының неліктен бостандықта жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәлімінше, вайнерге 11 күнтізбелік күнге қысқа мерзімді демалыс берілген.
"Бұл сотталған адам жазасын Павлодар облысы бойынша ҚАЖД № 44 мекемесінде өтеп жатыр.
Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлын Алматы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-бабы 3-ші бөлімінің 2 тармағы бойынша 5 жыл мерзімге сотталды.
Аталған сотталған адам "Еңбек-Павлодар" филиалында "Еңбек" ШЖҚ РМК-да жұмысшы лауазымына жұмысқа орналастырылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113 бабының негізінде 2024 жылы 17 мамырда Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлына мекемеден тыс жерлерге шығу, атап айтқанда, 2024 жылы 17 мамырдан бастап 2024 жылы 27 мамырға дейін жолын ескеріп, 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кіші той деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә