Түнде ұйықтауға мүмкіндік болмады немесе аз ұйықтадыңыз. Ал таңертең болса, жұмысқа, сабаққа немесе маңызды кездесуге бару керек. Ұйқысыз түннен соң күнді қалай сергек өтікізуге болады? Doctorpiter порталына невролог дәрігерлер жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ми жақсы жұмыс істеуі үшін 8 сағаттан кем емес түнгі ұйқы қажет. Неврологтар Екатерина Демьяновская және Наталья Шиндряева түнде ұйқыңыз қанбаған кезде күндіз сергек жүруге көмектесетін 8 кеңес ұсынды.
1. Оятқышты кейінге ауыстырмаңыз
Таңертең ұйқыдан тұра алмай, оятқышты тағы 10-20 минут ұйықтай тұру үшін кейінге ауыстырмаңыз.
"Егер мүмкіндік болса, кешке оятқышты біржола күнделіктіден кейінге қойыңыз, - дейді невролог Екатерина Демьяновская. – Оятқыш сигналы миды жылдам оянуға мәжбүрлейді. Бірақ егер одан кейін қайтадан ұйықтап кететін болсаңыз, бұл ағза үшін күйзеліс болады. Оянып, қайта ұйықтайтын болса, адам өзін әлсіз сезінеді".
2. Таңды қарама-қарсы душтан бастаңыз
"Суық және ыстық суды кезектестіру қанды дене бойынша жылдам таралуға мәжбүрлейді. Өкпе, жүрек және ми көбірек қорек пен оттек алады, бұл зейін қоюды арттыруға көмектеседі", - деп кеңес берді невролог Наталья Шиндряева.
3. Көбірек су ішіңіз
Қарама-қарсы душтан соң бір стақан бөлме температурасындағы су ішкен дұрыс.
"Су зат алмасу процестерін іске қосады және асқазан-ішек жолын тамақ ішуге дайындайды. Ұйқысыз түннен соң күні бойы су режимін бақылау маңызды. Сусыздану кезінде әлсіздік, шаршаңқылық пайда болып, бас ауыруы мүмкін", - дейді Екатерина Демьяновская.
4. Таңғы асқа тәтті және қуырылған тамақ жемеңіз
Ұйқысыз түннен соң таңғы ас ішпеуге болмайды.
"Ең бірінші тамақ ішу ағза жұмысын іске қосады және күннің жақсы өтуіне әсер етеді", - деп түсіндірді Наталья Шиндряева.
Ұйқысыз түннен соң тәтті және қуырылған тамаққа тартуы мүмкін. Ағза осылайша энергия жетіспеушілігінің орнын толтырғысы келеді.
"Ұйқының қанбауы тоқтық және аштық гормондары - лептин мен грелин деңгейіне әсер етеді. Лептин деңгейі түседі, ал грелин көбейеді. Калориясы жоғары өнімдер арқылы ағза энергия жетіспеушілігінің орнын толтырғысы келеді. Сондықтан біреулер фастфуд, ал басқалар тәтті пісірме жегісі келеді. Бірақ оның әсері керісінше болады: ауыр майлы тамақтан соң ұйқы қысады, ал тәттілер тек уақытша сергектік сыйлайды, қандағы глюкоза деңгейі түскенде әлсіздік пайда болады", - деп ескертті Екатерина Демьяновская.
Ұйқысыз түндерден соң таңғы асқа ақуыз бен күрделі көмірсулар жеу керек. Мысалы, ботқа, омлет, көкөністер жеңіз.
5. Кофеинмен абай болыңыз
Қою шай мен кофе сергек жүруге көмектеседі. Бірақ оларды көп ішуге болмайды.
"Күніне 2-3 кесе кофеині бар сусын ішумен шектеліңіз. Кофе қоздырады, мазасыздық тудырады, жүрек соғысын жиілендіреді және қан қысымын жоғарылатады. Кофеин әсері аз уақытқа ғана әсер ететін ұмытпаңыз. Әсіресе, жолда абай болыңыз", - деп ескертті Наталья Шиндряева.
6. Жаяу жүріп келіңіз
"Таңғы жаттығу немесе жұмыс алдында жүріп келу қанайналымды іске қосады. Ағза оттекпен қанығады, энергия мен күш пайда болады", - дейді говорит Наталья Шиндряева.
Түскі ас уақытында да кішкене серуендеп келген жөн. Жалпы күні бойы жиі қоғалуға тырысыңыз.
"Ашық түс ұйқы гормоны – мелатониннің бөлінуін бұғаттайды. Ал физикалық белсенділік серотонин гормоны деңгейін арттырады", - дейді Екатерина Демьяновская.
7. Қолыңызды суық сумен жуыңыз
Бұл сергек болуға көмектесетін қарапайым, бірақ тиімді әдіс.
"Күні бойы қолыңызды суық сумен жуыңыз. Бұл қарама-қарсы душ секілді сергектік сыйлайды", - дейді Наталья Шиндряева.
8. Түскі уақытта ұйықтап алыңыз
Сағат 13:00 мен 15:00 арасында 20-30 минуттай ұйықтап алу сергектік береді. Бастысы - уақытында ояну. Одан ұзақ ұйықтап қойсаңыз, ұйқыдан шаршап тұрасыз.
Алайда бұл әдістерге сеніп, күнде түнде аз ұйықтауға болмайды. Түнгі ұйқының орны бөлек. Егер ұйқысыздықпен қиналсаңыз, дәрігерге қаралып, одан арылудың жолдарын іздеңіз. Түнде ұйықтамау немесе аз ұйықтау денсаулыққа қатысты көптеген проблемаға әкеледі.