Дәрігер онкологияға әкелетін әдеттерді атады

Дәрігер онкологияға әкелетін әдеттерді атады
Фото: ru.freepik.com

Онколог Руслан Басанов "Известия"-ға қатерлі ісікті тудыруы мүмкін зиянды әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Онколог зиянды әдеттер онкологиялық аурулардың даму қаупін арттыратынын айтты.

"Зиянды әдеттер онкологиялық аурулардың даму қаупін айтарлықтай арттыра алады. Онкологиялық аурулар жиі генетикалық бейімділіктен пайда болғанымен, өмір салты қатерлі ісік дамуында маңызды рөл атқарады", - дейді дәрігер.

Мысалы, темекі тарту мен алкоголь ішу онкологияға әкелуі мүмкін. Темекі түтініндегі никотин мен басқа заттар ағзаға канцерогенді әсер береді. Руслан Басановтың айтуынша, темекі тарту өкпе, ауыз, тамақ, өңеш және қуық қатерлі ісіктерінің даму қаупінің негізгі факторларының бірі болып саналады.

Алкогольді көп ішу өңеш, бауыр, тамақ, сүтті без және басқа да органдардың даму қаупін арттырады.

"Майлы, қуырылған тамаққа бай, қызыл еті көп және жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар жетіспейтін рацион өңеш, тік ішек, асқазан және басқа да органдар қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Рационда жемістер мен көкөністердің жеткілікті түрде болмауы ағзада дәрумендер мен антиоксиданттар жетіспеуіне әкеліп, ағзаның онкологиялық ауруларға қарсы тұру қабілетін нашарлатады. Артық салмақ пен семіздік сүт безі, бүйрек, бауыр, қалқанша без және ішек қатерлі ісіктерінің даму қаупімен байланысты", -деп ескертті онколог.

Аз қозғалысты өмір салты және физикалық белсенділіктің жетіспеуі ішек, сүт безі және басқа да қатерлі ісік түрлерінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Ал күннің ультракүлгін сәулелерінің көп әсері немесе солярий тері қатерлі ісігінің даму себебі болуы мүмкін.

"Жоғарыда айтылған факторлардан басқа ұйқының жетіспеуі, созылмалы күйзеліс, қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен дұрыс қорғанбау секілді зиянды әдеттер де онкологиялық аурулар қаупін арттыра алады. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін салауатты өмір салтын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және жүйелі түрде медициналық тексерістерден өтіп тұру ұсынылады", - деп қорытындылады дәрігер.

Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?

А. Жапатова