- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйде пайдалы майонезді...
Үйде пайдалы майонезді қалай дайындауға болады?
Фото:
pixabay.com
Жаңа жылдық дастарханды оливье салатынсыз елестету қиын. Ал бұл салатқа міндетті түрде майонез қосылады. Алайда дүкеннің майонездерінде зиянды қоспалар бар. Ендеше, үйден өзіңіз пайдалы майонез жасап алыңыз. Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында пайдалы майонездің рецептісін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қажетті заттар:
- 1 жұмыртқа (немесе 5 бөдене жұмыртқасы);
- 70 гр зәйтүн майы;
- 0,5 шай қасық қыша;
- 1 ас қасық лимон шырыны;
- дәміне қарай тұз.
"Бәрін жақсылап блендермен араластырамыз. Майонез дайын! Барлық ингредиенттер бөлме температурасында болуы керек. Сосын неғұрлым ұзақ сақталған жұмыртқаның тағамдық құндылығы төмен болады. Сондықтан дүкен сөресінде 3 аптадан көп тұрған жұмыртқаны алмаңыз", - деп кеңес берді Ұлжалғас Сманова.
Оқи отырыңыз: Ішекті тазартуға арналған салаттар
А. Жапатова