Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Ішекті тазартуға арналған салаттар

Ішекті тазартуға арналған салаттар

Ішекті тазартуға арналған салаттар

Адамның ас қорыту жүйесі бірнеше бөліктен тұрады. Олардың әрқайсысы нақты бір қызметті орындайды. Солардың бірі – ішектер. Олар сырттан келетін тағамды соңғы рет қайта өңдейді. Ішектерді қалдықтар мен улы заттардан тазарту қаншалықты сапалы болса, бүкіл ағза соншалықты жақсырақ жұмыс істейді. Оларды тазартуға көмектесетін салаттар бар. Ең тиімді 6 салаттың рецептісін ұсынамыз.

Ішекті тазартуға арналған көкөністі салаттар

Ішектерді тазартуда тиімді нәтиже беретін тағамның бірі – шикі көкөністерден дайындалатын салаттар. Олар ішектерді тазартумен қатар ағзаны пайдалы дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етеді.

1-салат

Қажетті ингредиенттер:
- 1 суға піскен қызылша;
- 2 қызанақ;
- 150 г ашытылған қырыққабат;
- 1 болгар бұрышы;
- 1 пияз;
- зәйтүн майы.

Дайындалуы: Қызылшаны үккіштен өткізіңіз. Ашытылған қырыққабатты ұсақтап тураңыз. Қалған ингредиенттерді төртбұрышты етіп тураңыз. Салатты аздап тұздап, зәйтүн майымен аралыстырыңыз.

2-салат

Қажетті ингредиенттер:
- 1 буда аскөк пен ақжелкен;
- 1 үлкен қызанақ;
- 2 қияр;
- 70 г балдыркөк сабағы;
- 1 кішкентай буда насыбайгүл (базилик);
- лимон шырыны;
- зәйтүн майы.

Дайындалуы: Аскөк, ақжелкен және балдыркөкті ұсақтап тураңыз. Қызанақты орташа бөліктерге бөліңіз, ал қиярды үккіштен өткізіңіз. Барлық ингредиенттерді лимон шырынымен және зәйтүн майымен араластырыңыз.

Ішектерді тазартуға арналған қызылшадан жасалатын салаттар

Қызылша – ішектерді тазартуға арналған кең таралған және ең тиімді өнім.

3-салат

Қажетті ингредиенттер:
- 1 шикі сәбіз;
- 100 г қара өрік;
- 1 кішкентай шикі қызылша;
- 200 г қырыққабат;
- сұйық май мен лимон шырыны.

Дайындалуы: Қызылша мен сәбізді үккіштен өткізіңіз.  Қырыққабатты жіңішке әрі ұзынша етіп тураңыз. Қара өрікті алдымен қайнаған суда біраз ұстап, содан соң ұсақтап тураңыз. Барлық ингредиенттерді лимон шырынымен және сұйықмаймен араластырыңыз.

4-салат

Бұл ең бюджеттік салат, себебі ол тек бір ингредиенттен тұрады. Бұл салатқа 1:1 үлесте шикі және суға піскен қызылша керек. Оларды үккіштен өткізіп, лимон суымен және сұйық маймен араластыру қажет. Оны кешкі астың орнына жесеңіз, ішектерді тиімді тазартады.

Ішектерді тазартуға арналған жемісті салаттар

Салаттағы көкөністер, жемістер мен сүзбенің үйлесімі үйреншікті болмаса да, олар ішектерді тазартуда жақсы нәтиже береді.

5-салат

Қажетті ингредиенттер:
- 300 г қырыққабат;
- 1 үлкен жасыл алма;
- 150 г кептірілген өрік;
- майсыз қаймақ немесе айран.

Дайындалуы: Алманы қабығымен бірге төртбұрышты етіп тураңыз. Қырыққабатты ірі етіп тураңыз. Кептірілген өрікті алдымен қайнаған суда ұстап, содан соң ұсақтап тураңыз. Барлық ингредиентті сүт қышқылды өніммен араластырыңыз. Бұл салатты жердің алдында тоңазытқышта 30 минуттай ұстаңыз.

6-салат

Қажетті ингредиенттер:
- 100 г майсыз сүзбе;
- 100 г аскөк, ақжелкен және балдыркөк;
- 1 киви;
- 1 ас қасық бал.

Аскөк, ақжелкен және балдыркөкті ұсақтап турап, сүзбемен араластырыңыз. Содан соң салаттың бетіне үккіштен өткізілген кивиді және балды салыңыз. Бұл салатты 14 күн қатарынан таңғы асқа жеу ұсынылады. Салат құрғақ болса, йогуртпен немесе айранмен араластырып жеуге болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Қосылған күні: 14 қазан, 15:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.