- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үй жағдайында ішек...
Үй жағдайында ішек құрттарынан зиянсыз құтылудың 4 жолы
Үй жағдайында ішек құрттарынан зиянсыз қалай құтылуға болады? Бұл сұраққа педиатр, интегративті дәрігер Айшолпан Рамазанқызы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, ішек құрттарынан құтылудың 4 жолы бар.
1. Асқабақ дәнін жеу
"Асқабан дәнінің құрамында цинк және кукурбитин бар. Кукурбитин ішек құртты салдандырып, ішектің қабырғасына жабыспайтындай етеді. Құрт ішек қабырғасына бекіне алмай, нәжіс арқылы сыртқа шығады. Сондай-ақ, балаңқұртты (личинка) жойып, көбеюіне кедергі болады", - дейді маман.
2. Қалампырдан сусын дайындап ішу (гвоздика)
Қалампыр құрамында илік заттектер бар. Ол құрттың жұмыртқасы мен балаңқұртын жояды және олардың көбеюінің алдын алады.
"Қалампырдың 1,5 грамм ұнтағын, бір стақан ыстық суға араластырып , 30 минутқа тұндырамыз. Тамақ ішер алдын бір шай қасық ішу керек! Тұнбаны тек 1-2 күнге дайындаған абзал! Ал одан ұзақ тұрса, пайдалы әсерінен айырылады. Қалампыр ұнтағын тамаққа дәмдеуіш ретінде пайдалануға да болады", - дейді дәрігер.
Айшолпан Рамазанқызының сөзінше, сарымсақ, пияз, ақжелкек (хрен) құрамдарда аллицин бар. Аллицин құртпен күресуге қауқарлы.
3. Сарымсақ тұнбасынан клизма жасау
Педиатр сарымсақтан дайындалған тұнбадан клизма жасау әсіресе бәсір құрты бар адамдарға жақсы көмектесетінін жеткізді.
"Орташа мөлшердегі 5-10 тісше сарымсақты үккіштен өткізіп немесе ұсақтап турап, бір стақан ыстық суға салып, 1-2 сағат тұндырып қою керек. Суыған соң, балаларға арналған клизмаға арналған үрімшеге тартып, баланың тік ішегіне ақырын жібереміз. Емдік курсты 4 жасау керек", - деп түсіндірді ол.
4. Пияз тұнбасы
Интегративті дәрігер мәліметіне сәйкес, бір дана орташа пиязды ұсақтап турап, бір құты ыстық суға тұндырамыз. 12-14 сағат тұруы керек. Балаға күніне 100 мл ішкізіп отыруға болады.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін баланың ішегінде құрт бар екенін қалай білуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Чекап деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә