Үш облыстың тұрғындарына сел қаупі ескертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметінше, 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарының таулы, тау бөктеріндегі аумағында қатты ыстық пен нөсер жауын болжанып отыр. Мұндай ауа райы өзендердегі су деңгейі көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Мамандар кейбір учаскелерде сел және көшкін қаупі сақталатынын ескертті.
"Осы облыстардың тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 1 шілдеде нөсер жауыннан кейін Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарындағы ауылдарды су басты. Сонымен қатар, курорттық аймақтар да су астында қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова