2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет шығынын жоспарлауда Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы бойынша 456 млрд теңге көлеміндегі олқылық жойылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бюджет жобасы 14 қазанда Құрылтай отырысының бірінші оқылымында қаралды. Бюджет кодексінде алдын ала бағалау көзделген. Бұл республикалық бюджеттің жаңа жобасы Құрылтай депутаттарының қарауына енгізілгенге дейін жасалады.
"Бұл қаражат дұрыс жоспарлануына және тиімсіз болуы мүмкін шығындарды анықтауға көмектеседі. Жұмыс қорытындысы бойынша палата өз ұсыныстары қамтылған сараптамалық қорытынды әзірлейді. Алайда қаражатты қысқарту немесе қайта бөлу туралы түпкілікті шешімді бюджет туралы заң жобасын қарау барысында тек Құрылтай депутаттары қабылдайды", - деп жазылған хабарламада.
Биыл Жоғары аудиторлық палата Мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілмеген жобаларды іске асыруға қаражат жоспарланғанын анықтаған.
"Бұл Бюджет кодексі талаптарына қайшы. Бюджеттің кейбір бағыттары бойынша қажет есептер мен растайтын құжаттар, соның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздеме болмаған", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, бюджет жобасы Құрылтайға енгізілгенге дейін Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы негізінде 456 млрд теңге көлеміндегі бюджет құжаттамасы түзетілген.
Еске салайық, бүгін Үкімет Құрылтайда бірінші оқылымда үш жылдық бюджет жобасын ұсынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова