Алдағы үш жылға арналған инфляция болжамы қандай болмақ?

Алдағы үш жылға арналған инфляция болжамы қандай болмақ?
Фото: depositphotos.com

Үкімет Құрылтайда бірінші оқылымда үш жылдық бюджет жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына еліміздің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.

"Базалық нұсқаға сәйкес 2027-2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсімі 5 пайыздан жоғары деңгейде болжанып отыр. 2027 жылы 5,3 пайыз, 2028 жылы 5,5 пайыз, 2029 жылы 5,4 пайыз болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі", - деді Серік Жұманғарин.

2027 жылы инфляция 7,5-9,5 пайыз деңгейінде болуы мүмкін. Қазақстанда инфляция біртіндеп төмендейді деп болжанып отыр. 2027 жылы ол 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, ал 2028-2029 жылдары 6-8 пайыз деңгейінде болуы мүмкін. Серік Жұманғарин бұл туралы 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді.

"Инфляция бойынша болжамда ол біртіндеп төмендейді деп қарастырылған. 2027 жылы 7,5-9,5 пайыз, ал 2028-2029 жылдары 6-8 пайыз деңгейінде белгіленді", - деді Серік Жұманғарин.

Республикалық бюджеттің кірісі 19 триллион теңге деңгейінде болжанып отыр. Бұл - ЖІӨ-нің 10 пайызы. Биылғы бағалаумен салыстырғанда өсім 2,8 триллион теңге болады.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт 2027-2028 жылдары 2,43 триллион теңге, ал 2029 жылы 2 триллион теңге болады. Қордан тағы екі триллион теңгені 2027 жылы нысаналы трансфертке, ал 2028-2029 жылдары 1,5 триллион теңгеден бағыттау жоспарланған.

"Қаржы аса маңызды нысандарды және жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға жұмсалады", - деді ол.

Айта кетейік, тамыздың қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция 9,8 пайызға дейін баяулады, бір айда баға 0,6 пайызға өсті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget