- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Усэйн Болттың рекордын...
Усэйн Болттың рекордын жаңартқан робот кедергілерден өтуді үйренді (видео)
Массачусетс Технология Институтының инженерлері роботтық технология саласындағы жаңа жетістігін бөлісті. Олардың Cheetah деп аталатын гепард тәріздес роботы жүгіру кезінде алдынан шығатын кедергілерден секіріп өту мүмкіндігіне ие болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл жағдай мүмкін емес болатын. Ал қазіргі нәтиже инженерлердің өзін де таң қалдырып отыр. Өткен жылы темір гепард жүгіру кезінде сағатына 45,5 шақырым жылдамдыққа жетіп, ямайкалық Усэйн Болттың рекордын жаңартқан еді.
Робот автономды түрде 40 сантиметрлік кедергіден аттап өте алады. Мұндай көрсеткішке жету үшін инженерлер LIDAR лазерлі жүйесін қолданған. Cheetah оның көмегімен алдынан шыққан кедергіні анықтап, секіруге әрекет жасайды. Бұл жасанды сананың шынайы өмір тәртібіндегі әзірге ең жылдам шешім қабылдау үдерісі. Ол бір кедергіден өткеннен кейін, ары қарай жүгіруді жалғастыра алады.
Төмендегі видео арқылы Cheetah роботының шынайы гепардтың жүгіру технологиясына ие болғанына көре аласыздар.
Алдағы уақытта MIT мен Boston Dynamics зерттеу ортылығының мамандары бұдан да күрделі кедергілерден өту мүмкіндігін жасайтынын хабарлады. Болашақта гепардтың темір прототипі әмбебап үлгіге ие болғаннан кейін, адам өміріне қауіпті аймақтарда қызмет ететін болады. Тіпті ғарышты игеру саласына бағытталуы да мүмкін.
Ж. Өрісбай