Boston Dynamics компаниясы ұсынған BigDog роботы

Boston Dynamics компаниясы ұсынған BigDog роботы

Boston Dynamics компаниясы өзінің BigDog атты роботына өзгерістер енгізіп, оны біршама жетілдірген екен. Мысалы, енді ол ауыр заттарды жерден оңай көтеріп, өз салмағын пайдалана отырып, оларды алыс қашықтыққа лақтыра алады. 

Boston Dynamics ұсынған видеода робот салмағы 16 келі тартатын шлакбетонды блокты лақтыру сәті көрсетілген. Роботтың оны лақтырғандағы ең жоғары қашықтығы 5,2 метр болған екен. 

BigDog роботының өлшемі есектің денесімен бірдей. Оның ұзындығы 1 метр болса, биіктігі 70 сантиметр. Ал салмағы 110 келі болады. Ол 140 келіге дейінгі жүктерді орнынан көтере алады екен. Робот сағатына 6,4 шақырым қашықтықпен жүгіре алады. Сондай-ақ ол тоқтамастан 20,6 шақырымды оңай еңсере алады көрінеді.


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет