Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қалай жарақат алғанын тағы да түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен бұған дейінгі түсініктерімде ол (Салтанат) бірнеше рет құлап түскенін айттым. Сіз (прокурор) айыптау актіңізде қатты затпен соққы алғанын айтасыз. Бірақ сараптама бойынша еден де қатты зат болып саналады", - дейді Бишімбаев.
Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтан Салтанат жарақаттарды нақты қалай алғанын түсіндіруді сұрады.
"Ол (Салтанат) жарықшақтанған сынықтарды (оскольчатый перелом) дөңес жерге соғылып алған болуы керек. Себебі қолмен немесе аяқпен алған соққы салдарынан ондай жарақаттар алу мүмкін емес. Бұған дейін айтқанымдай ол шалбарын шешіп қалған кезде мен оны жіберіп қалдым. Ол тепе-теңдікті сақтай алмай, сол жағымен унитаздың шетіне соғылды. Осылайша сол жағында жарақат пайда болды. Ал қалған жарақаттар бойынша: мен оны ұрғанымды мойындаймын. Бірақ одан бөлек бетімен бірнеше рет еденге құлап түсті", - дейді Бишімбаев.
Еске салайық, 3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Оның сөзінше, екеуінің арасында дәретханада жанжал күшейе түскен.
"Ол маған қарама-қарсы отырды. Менің көзімше неке жүзігін, сағатын, білезіктерін шеше бастады да, дәретханаға лақтырып тастады. Бәрін шын жүрекпен сыйлағанмын. Мен таңғалдым, сөйлей алмай қалдым. Не істерімді білмедім. "Ішетін бірдеңе әкелейін" деп дәретханадан шықтым. "Иә, алып кел" деді", - деді ол.
Бишімбаевтың айтуынша, келген кезде есік жабық екенін көрген.
"...Салтанат есікті іштен жауып алған, соққының дауыстары естіліп жатты. Мен есікті қаға бастадым. "Салта, Салта, аш" дедім. Ол естімеген болуы керек. Мен есікті соға бастадым. Ол жүгіріп келіп, есікті қағып жатқанымды естіп, мені балағаттай бастады. "Сен мені осындай күйге жеткіздің" деді. Мен түсінбедім. Мен штативті алып, есікті ұра бастадым. Содан кейін есікте тесік пайда болды, кейін есікті іштен ашты. Ол мені балағаттай бастады, мен де оны боқтадым. Сөйтіп, жанжал басталды, ол менің көйлегімді жыртып жіберді, мен оны ұстап, қабырғаға итеріп жібердім. "Сабыр сақта" дедім. Ол маған қайта келе жатқанда, мен де оның жейдесін жыртып жібердім. Ол ашуланды. Жейдесін шешіп тастады. Оның үстіндегі киімнің бәрі 8-і күні түс кезінде концертке барар алдында сатып алынған еді. Маған лақтыра бастады. Мен оны шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді. Бәрі тез болды. Ол "шалбарымды шешемін" деді. Мен арқасынан ұстап алдым", - деді ол.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз