Ұлытау облысында ауыс-түйіс жүріп жатыр: Сәтбаевқа жаңа әкім келді

Ұлытау облысында ауыс-түйіс жүріп жатыр: Сәтбаевқа жаңа әкім келді
Фото: gov.kz

Сәтбаев қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Сәтбаев қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап Сәтбаев қаласын Кеңгірбай Смағұлов басқарады.

gov.kz 

Айта кетейік, Кеңгірбай Смағұлов 1978 жылы дүниеге келген. Ол - Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы бойынша Салық комитеті жинау бөлімінің салық инспекторы қызметінен бастаған.

Жезқазған қаласында түрлі қызмет атқарған. 2022-2023 жылдары Ұлытау облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2023-2024 жылдары Ұлытау облысы қаржы басқармасының басшысы болды. 2024-2026 жылдары Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget