Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Жезқазған қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап облыс орталығын Мұрат Бөрібаев басқарады.
gov.kz
Айта кетейік, Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Бұған дейін "Қазақмыс" корпорациясында түрлі қызмет атқарған. Сонымен қатар, Сәтбаев қаласының әкімі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова