Ұлттық «Үркер» сыйлығының тұңғыш жеңімпаздары

Ұлттық «Үркер» сыйлығының тұңғыш жеңімпаздары
Фото: egemen.kz

Елордада баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Мәртебелі марапаттың «Қазнеттегі Медиасерпіліс» аталымында Массагет сайты үздік шыққанын осыған дейін қуана хабарлаған едік. Өзге 14 аталым бойынша жеңімпаз атанғандар төмендегідей:

«Үздік фотосурет» номинациясында –Ерлан Омаров;

«Үздік сараптамалық материал» номинациясында «Казахстанская правда» республикалық газетінің журналисі – Фиронова Валентина;

«Үздік радиобағдарлама» номинациясында – «Шалқар» радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы;

«Үздік репортаж» номинациясында – Олжас Беркінбаев;

«Үздік аймақтық радиостанция» номинациясында – «Астана» радиосы;

«Үздік салалық баспасөз басылым» номинациясында – «Дружные ребята» газеті;

«Үздік жыл журналы» номинациясында – «National Geografic Қазақстан» журналы;

«Журналистикадағы дебют» номинациясында «7kun.kz» сайтының журналисі – Мөлдір Иманмәди;

«Үздік журналистік зерттеу» номинациясында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі – Жанболат Аупбаев;

«Үздік интервью» номинациясында «Капитал» республикалық газетінің тілшісі – Виктория Говоркова;

«Үздік аймақтық баспасөз басылымы» номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті – «Рейтинг» газеті;

«Қазақстан туралы үздік танымдық материал» номинациясында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі – Думан Анаш;

«Үздік халықаралық сараптамалық материал» номинациясында «vlast.kz» сайтының журналисі Зарина Ахматова, «Афганистан близко» атты мақаласы үшін;

Сонымен қатар осы аталымда «Informburo» ақпарат агенттігі арнайы сыйлыққа ие болды.

«Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациясы «Айқын» республикалық газеті жеңіске жетті.

Жеңімпаздар 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады.

Айта кетейік, "Үркер" сыйлығы биыл Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және "Қазконтент" АҚ қолдауымен қолға алынған болатын. Байқаудың қазылар алқасына осы саладағы белгілі кәсіби мамандар, қоғам қайраткерлері және сарапшылар кірді. Сыйлық 15 аталым бойынша бөлініп, жүлде қоры 15 миллион теңгені құрады. Тұңғыш ұлттық сыйлыққа «Мобайл Телеком-Сервис» және «Kcell» АҚ демеушілік көрсетті.

О. Сансызбай