- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қордан бір...
Ұлттық қордан бір балаға жылына қанша теңге бөлінеді?
Былтыр жұртты елең еткізген, талқыға кеңінен түскен тақырыптардың бірі - Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор - балаларға" жобасы. Яғни, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылуы тиіс. Десе де, келесі жылдан бастап іске қосылатын бағдарламаға қатысты сауал көп. Massaget.kz тілшісі қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ұсынған деректерге сүйеніп, маңызды сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
Ұлттық қордан бір балаға аударылатын қаражаттың сомасы қанша?
"Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. Жекелеген кезеңдерде инвестициялық табыс теріс мәнде қалыптасуы мүмкін. Осы орайда инвестициялық кірістің мөлшерлемесін өткен жылдардағы орташа жылдық шаманың негізінде айқындау жоспарланып отыр.
Алдын ала бағалау бойынша, мұндай тәсіл осы бағдарлама аясында туғаннан бастап қамтылатын балаға жыл сайын 150-160 АҚШ доллары көлемінде (шамамен 125-133 мың теңге аралығында) 18 жасқа дейін төлем алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тәжірибені ескере отырып, жоба операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы айқындалады.
Ұлттық қордан бөлінетін ақша: бала қайтыс болса шотындағы қаражат не болады?
Ұлттық банк осыған дейінгі жылдардағы Ұлттық қордың орташа табыстылығын ескере отырып, инвестициялық табыстың 50 пайыз есептейтін болады. Инвестициялық табыс мөлшерлемесін алдағы 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылады. Бұл тұрғыда бала жинақтарының болжамды сомасы шамамен 3 500 АҚШ доллар болуы мүмкін. 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және инвестицияланады.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина