Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай шешім қабылданды?
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 15,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Бұдан кейінгі шешімдер инфляция динамикасы мен инфляциялық болжамға қарай қабылданады.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 16,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Базалық мөлшерлеме деген не, ол неге әсер етеді?
Базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқа мерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несие бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова