Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай шешім қабылданды?
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 16,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім кезекті болжамды раунд нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция теңгерімінің бағалауына сүйеніп қабылданған.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, шілдеде Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. жылдық 16,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Базалық мөлшерлеме деген не, ол неге әсер етеді?
Базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқа мерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова