- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үлкен операция бар"....
"Үлкен операция бар". Елдос калабок алда не күтіп тұрғанын айтты
Елдос калабок лақапатымен танымал әзілкеш, асаба Елдос Қадірханов сұхбаттарының бірінде неліктен бала сүйе алмай жүргенін айтқан еді. Ол Желідегі парақшасында әйеліне алғысын білдіріп, жан сырын жайып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, балаға қатысты түрлі пікір білдіретін адамдар болған. Алайда олар мұны сынақ деп қабылдапты.
"Мен сұхбат беруге барған себебім тек осы тақырып еді. Жалғыз ғана ерке жонушкама почти 7 жыл бойы әркім ойына келгенін жаза берді, соңында уже "мен туып берейін" немесе "басқа қатын алсай" дегендер шықты… жонушкама Алла разы болсын, "мен емес қой кінәлі" демеді. Жалпы, мен де кінәлі емеспін. Точнее өзім тілеп сұрап алғаным емес қой… басыма солай жазылды, яғни мен көтере алатын сынақ болған шығар. Шүкір", - деп жазған ол.
Елдос осылай жүріп жеті жыл қалай өткенін байқамай қалғанын жеткізді.
"Бұл сынақтан да өтеміз, Алла қаласа сіздерден айқайлап тұрып сүйінші сұрайтын күнге жетейік. Instagram бір бөлек отбасым, қандай болсам да он жыл бойы менімен бірге. Сіздердің көз алдарыңызда өстім. Бала тақырыбында шынайы болмағаным үшін кешірім сұраймын, Алла беріп қалар, бәрі дұрысталар деп күтіп жүре беріп жетінші жылға жақындағанын байқамаппын", - деп жазған асаба.
Асабаның айтуынша, қазір қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысып жатыр.
"Жалпы, бізді жек көрудің, айыптаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қолдан келгенше барлық әрекетті жасап жүрміз, баламыз жоқ болса да санамыз бар, позитивті нотада жүрейік. Енді балаға қатысты жаман нәрсені менің адресіме жаза беріңіздер, мен жыламаймын, сынбаймын, мән бермеймін да, жонушка жыламай иммунитетін көтеріп жүрсе баланы да ойда жоқта көтеріп қалар. Ал маған бірінші арықтап алу керек, әлі алдымда тапсыратын мыңдаған анализдер бар, үлкен операция бар… маған сәттілік", - деген ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Елдос калабок не себепті балалы бола алмай жүргенін мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова