"Бала асырып ал, сен сәби сүйе алмайсың". Әзілкеш Елдос Колобок не себепті балалы бола алмай жүргенін айтты

"Бала асырып ал, сен сәби сүйе алмайсың". Әзілкеш Елдос Колобок не себепті балалы бола алмай жүргенін айтты

Шаңырақ көтергеніне 7 жылдай уақыт болған әзілкеш не себепті әлі бала сүйе алмай жүргенін Аман Тасығанның "Talklike" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Басында не болды, неге көтермей жатыр? - деп сұрайды. Бірдеңе болса келіншегім кінәлі. Негізі қазақта бала болмай жатса, әйел кінәлі. Келіншегім енді көңіліне алып қалады, жылап. Ол кезде менің де көңіліме тиеді. Басында сұрайтындар қазір ақыл айтады. Ана дәрігерге, мына емшіге бар деп. Туысқандар айтып болған соң, достарым айтады одан кейін қазір оқырмандарым айтады. Енді ешкім жаман көргеннен емес шын көңілмен осылар балалы болса екен деп жазады, тіпті 100% балалы болмайсың деген. Пендеміз ғой енді бал аштыруға да бардық. Сол кезде олар да бала асырып ал, сенде бала болмайды деп. Әйелім жылайды, сол жаныма батады тіпті мен туып берейін дегендер болды", - дейді ол.

Елдос, әйелі екеуінің қандай сынақтардан өтіп келе жатқанын ешкім білмейтінін жеткізді. Тіпті бекер үйлендім деген кездері де болған. Бірақ барлық мәселе өзінің кесірі екенін айтты.

"Менің басымда болып жатқан мәселенің кесірінен барлығы. Қай дәрігердің есігін қақсаң да, кінә еркек жақтан дейді. Бұл диагнозбен менің жүргеніме 10 жыл. Үйленгеніме 7 жыл болса, ауруыма 10 жыл болған. Бірақ үйленбестен бұрын әйеліме барлығын ашып айттым. Мен қатты ауырған кезде дереу ота жасауға жіберді. Операциядан кейін маған бедеуліктің белгілері бар деді. Шетелге де барып тексерілдік. Әйелім екеуміз арамызда көп кикілжің болды. Бірақ әйелім кетем демейді. Кінәлі болғаным үшін өзімді жаман сезінемін. Менің басты арманым мен үйге келгенде алдымнан балам Әке деп жүгіріп шықса болды", - дейді әзілкеш.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы