ҰҚК ірі операция өткізді: қарулар, автоматтар, мылтықтар тәркіленді

ҰҚК ірі операция өткізді: қарулар, автоматтар, мылтықтар тәркіленді
Фото: ҰҚК

Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымына жол бермеу үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК мәліметінше, 118 қару тәркіленген, оның ішінде 6 Калашников автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, 15 граната мен 859 оқ-дәрі бар.

ҰҚК баспасөз қызметі

"Бұл деректер бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ҰҚК өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін де ҰҚК шетелдік органдармен арнайы операция өткізді, нәтижесінде 50-ден аса адам ұсталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget