Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz ҰҚК-ға Нұрлан Сабуровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 170-бабын, яғни қылмыстық заңнаманы бұзу дерегі бар-жоғын анықтау мақсатында ресми сауал жолдаған.
"Ақпарат назарға алынды, тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді ҰҚК өкілі.
Айта кетейік, кейінгі күндері әлеуметтік желіде Нұрлан Сабуров Ресей әскери күштеріне материалдық көмек көрсеткен болуы мүмкін делінген видеолар тарап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, бұл шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған.
Кейінірек Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға пікір білдірді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, Нұрлан Сабуров - Қазақстан Республикасының азаматы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!