- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тізе мен шынтақ...
Тізе мен шынтақ терісі құрғақ болуының 5 себебі
Шынтақ пен тізедегі құрғақ тері балаларда да, ересектерде де жиі кездесетін мәселе. Бұл әдетте нашар күтімнің нәтижесі. Бірақ кейбір жағдайларда бұл емделуі керек ауыр ауруларды көрсетуі мүмкін. Сарапшы, дерматовенеролог Александра Филева қандай белгілерді байқасаңыз, шұғыл дәрігермен кеңесу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Шынтақ пен тізедегі тері құрғақтық, қабыршақтану, жарылуға бейім. Біріншіден, бұл аймақта қорғаныс липидті мантиясын жасайтын тер және май бездері мүлде жоқ. Екіншіден, бүктелуге бейім тері үнемі созылып, жиырылады. Адамдар көбінесе тамақтану, оқу, компьютерде жұмыс істеу және тазалау, спортпен шұғылдану кезінде шынтақтарына сүйенеді.
Ең қауіптісі - құрғақ тері
Құрғақ, жұқарған теріде қорғаныс тосқауылы бұзылады, салдарынан стафилококк, стрептококк, саңырауқұлақ флорасы секілді қайталама инфекция қоздырғыштарының ену қаупі артады. Сондықтан шынтақ пен тізеге ерекше күтім жасау керек.
РН 4-тен 6-ға дейін жұмсақ жуғыш заттарды қолданған жөн, жуғаннан кейін крем немесе бальзам жағыңыз. Артық кератинделген жасушаларды кетіру үшін аптасына бір рет жұмсақ қабыршақтайтын қабықтарды қолдануға болады.
"Жылыту маусымында бөлмедегі ауа құрғаған кезде ылғалдандырғышты пайдаланған жөн. Бұл теріге ғана емес, жалпы денеге де пайдалы", - деді Александра Филева.
Дәрігерге қаралыңыз!
Егер шынтақ немесе тізе терісінің өңі нашар, қабыршақтана немесе жарыла бастаса, түсі өзгерсе немесе қышыса, дәрігерге қаралу керек, себебі олар ауыр аурулардың белгілері болуы мүмкін.
Гиповитаминоз
Терінің саулығын сақтау үшін А, Е, D, В дәрумендері, сондай-ақ мырыш сияқты кейбір микроэлементтер қажет. Олардың жетіспеушілігі терінің құрғауы мен өршуіне әкелуі мүмкін. Егер гиповитаминозға күдік болса, терапевтпен кеңесіп, белгілі бір қосылыстардың жетіспеушілігін анықтауға көмектесетін медициналық зерттеуден өту ұсынылады.
Эндокриндік аурулар
Ол көбінесе қант диабеті және қалқанша безінің функциясының бұзылуы мәселесінің себебі. 80 пайыз жағдайда қант диабеті терінің зақымдалуымен бірге жүреді. Глюкоза деңгейінің жоғарылауы аясында қанның микроциркуляциясының бұзылуы тері тамақтануының жетіспеушілігіне әкеледі, салдарынан тері қатты кеуіп, қабыршақтанады, иммунитет төмендеп, қайталанатын саңырауқұлақ инфекциялары дамиды.
Екінші типтегі қант диабетінде қандағы инсулиннің жоғары деңгейіне байланысты кератиноциттердің, яғни эпидермис жасушаларының түзілуі нашарлап, тері ауруларына әкеледі.
Гипотиреоз кезінде қалқанша безінің функциясының төмендеуінен тер және май бездері шығаратын секреция мөлшері азаяды, бұл терінің құрғауына, қабыршақтануына және жарылуына әкеледі.
Псориаз
Псориаз - иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты пайда болатын тері және тырнақ пластиналарының қабыну ауруы. Қорғаныс жасушалары иммуноциттер қателесіп эпидермис жасушаларына шабуыл жасайды, нәтижесінде олар белсенді түрде бөлініп, дұрыс қалыптаспайды. Салдарынан теріде күміс қабыршақтармен жабылған бляшкалар пайда болады.
Ихтиоз
Бұл тұқым қуалайтын ауру, эпидермистің шамадан тыс кератинизациялануынан тері қабыршақтанып, оның үстінде сұр немесе қоңыр қабыршақ пайда болады. Ихтиоз бастапқы, яғни тұқым қуалайтын немесе қайталама болып бөлінеді, оны асқазан-ішек аурулары, ісік, қант диабеті тудыруы мүмкін.
Гормоналды ақау
Эстроген, әйел жыныстық гормоны терінің серпімділігіне, ылғалдануына және тығыздығына жауап беретін коллаген, эластин және гиалурон қышқылының қалыпты өндірілуі үшін қажет. Эстроген тек әйелдерде ғана емес, ер адамдарда да өндіріледі, тек аз мөлшерде. Гормоналды ақауда бұл гормонның жетіспеушілігі терінің құрғауына және оның тонусының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін құрғақ теріні күтудің жолдары хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қымыздың қанша түрі бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә