- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Түске дейін ұйықтаймын"....
"Түске дейін ұйықтаймын". Айсауле Бақытбек енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының қызы Айсауле Бақытбек енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айсауле Бақытбектің Instagram желісінің "Сұрақ-жауап" айдарында оқырманының бірі оған "Ата-енемен бірге тұрасыз ба?" деп сұрақ қойған. Ол ата-енесімен бірге тұрмайтынын айтып, енесімен қарым-қатынасы туралы жазды.
"Менің енем әлемдегі ең жақсы ене, бірақ мен жас отбасының ата-анасынан бөлек тұруын құптаймын, әйтпесе сіз/күйейіңіз өмір бойы кішкентай бала болып қаласыздар. Әрине, түрлі жағдай болады, бірақ мен мұны дұрыс санаймын.
Мен жеке ас үйіме ыдыс-аяқ таңдағанды немесе үйде іш киіммен билегенді қатты ұнатамын және өз сезімімді ұялмай, ашық білдіргім келеді.
Қаласам, түске дейін ұйықтаймын, үй жинамаймын және бұл үшін өзімді кінәлі сезінбеймін.
Сонымен қатар, менің ойымша мүмкіндігінше баланың сана-сезіміне бір-бірін жақсы көретін, жұлы сөздер айтатын, құшақтасатын ата-анасымен бірге тұратын отбасының салауатты моделін сіңірген дұрыс.
Болашақта менің де қыздарымның ата-енесінен бөлек тұрғанын қалаймын. Олар өз үйлерінің қожайыны болғанын қалаймын", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Анамның арқасында". Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ажырасу көже деген қандай ғұрып?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә