- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысындағы резонанс...
Түркістан облысындағы резонанс тудырған суреттен кейін ауыл мұғалімдеріне шексіз интернет беріледі
Түркістан облысындағы резонанс тудырған суреттен кейін ауыл мұғалімдеріне шексіз интернет беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство "Транстелеком" операторымен бірлесе отырып, Түркістан облысының Аққұм ауылындағы байланыс пен интернет сапасын жақсартады. Түркістан облысы Аққұм ауылында радиокөпір технологиясын пайдалана отырып, 20 Мбит/с-қа дейінгі интернет пен шектеусіз трафикті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетіні хабарланды.
"Бұл ретте министрлік байланыс саласында "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын әзірледі. Осы жоба аясында 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету шаралары қарастырылып жатыр. Бұл тізімге Аққұм ауылы да кіреді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы мұғалімдер "Күнделікті" толтыру үшін көрші ауылға күнде сандалып жүргенін жазған едік. Себебі Аққұм ауылында не байланыс, не мобильді интернет жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан