Түркістан облысында суға батқан 11 адамның ішінен тоғызыншы адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 11 адамның ішінде үшеуі - әйел, алтауы - кәмелетке толмаған бала. Олар судан шығарылған. Енді 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Сондай-ақ, өңірлік ТЖД құтқару жұмыстарының суреттерін жариялады.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткені, құтқарушылар 6 мәйітті тапқаны хабарланған еді. Кейінірек тағы 2 адам табылды. Сондай-ақ, 11 адамның өліміне қатысты тың дерек шықты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!