Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: сотталған адам 100 миллион теңге төлеуі қажет

Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: сотталған адам 100 миллион теңге төлеуі қажет
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында 5 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сотталушыдан 100 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

7 қыркүйекте Шымкентте 48 жастағы ер адамға үкім шығарылды. Сот оны 5 жасар қызды өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған адам қауіпсіздігі ең жоғары колонияда жазасына өтейді.

Сонымен қатар, сотталған адам моральдық шығын үшін өтемақы ретінде жәбірленуші тарапқа 100 миллион теңге төлеуі керек деген шешім шығарылды.

Сот шешімі бойынша сотталушыға химиялық кастрация рәсімінен өту керек. Үкім күшіне енген жоқ. Сотталған адам өз кінәсін мойындамаған, оның үстіне шешімге шағымдануға ниетті.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. 

Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. 

"Басына пакет кигізіп, 12 рет пышақ сұққан". Түркістан облысында қыз өлімінің мән-жайы айтылды

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған. 

"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Кеше осы іс бойынша сот процесі басталғаны белгілі болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова