Түркістан облысында он күн іздеуде болған 4 жасар қыз өлі табылды
Фото:
"Отырар"
Түркістан облысында он күн іздеуде болған 4 жасар қыз Арыс өзенінен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 17 наурызда Еңбек ауылында 4 жасар қыз туыстарымен Арыс өзеніне барған. Сол кезде 4 жасар қыз абайсызда суға түсіп кетіп, өзенге ағып кеткен. Құтқарушылар, облыстағы полицейлер мен еріктілер іздеу жұмыстарымен айналысты. Төрт жасар қыздың денесі Сайрам ауданындағы Арыс ауылында он күннен кейін ғана табылған.
"Отырар" сайты оқиға орнынан суреттер жариялады. Бұл төрт жасар қыздың денесі табылған жер.
Еске салайық, кеше Ақтөбеде екі қыз екі аптадан бері табылмай жатқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина