Ақтөбеде екі қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

Ақтөбеде екі қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

Ақтөбеде екі қыз із-түссіз жоғалып кетті. Олар екі аптадан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еріктілер Instagram-да жариялаған жазбада 2004 жылы туған Аружан Жаңаділова мен 2003 жылы туған Айгерім Қалмағанбетова 13 наурызда үйден шығып, оралмағаны жазылған.  

Екеуінің де бойы орташа. Аружан ақшыл күртке, қара шалбар және қысқа сұр етікпен кеткен. Айгерім ашық түсті күртке, қызыл трико мен қысқа қара етікпен кеткен. 

Еріктілер қыздарды көрген-білген адамдарға мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: +7 705 141 05 99 немесе 102. Еріктілердің сөзінше, қыздар Ақтауда болуы мүмкін. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Нам нужны Волонтёры ? (@volontery_lider_aktobe)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина