Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен қыз өлі табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11 жастағы қыз Арыс-Түркістан суармалы каналынан өлі күйінде табылды. Жасөспірім денесі бүгін сағат 10:10 кеткенде оқиға орнынан 11 шақырым жерде судан шығарылды.


Фото: Түркістан облысы ТЖД

Еске салайық, 2023 жылғы 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, оралмаған.

Кейін оның аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

Фото: Түркістан облысы ТЖД

11 жастағы қызбен бірге ойнаған көрші қыз екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, ол сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын айтқан.

Досымен ойнап жүріп, cу арнасына барған: Түркістан облысында қыз жоғалды


Фото: Түркістан облысы ТЖД

Облыстық ТЖД іздеу жұмысына 112 жеке құрам, 1 квадрокоптер, 7 бірлік техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 бірлік техника, Полиция департаментінен 20 адам, 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!