Досымен ойнап жүріп, cу арнасына барған: Түркістан облысында қыз жоғалды

Досымен ойнап жүріп, cу арнасына барған: Түркістан облысында қыз жоғалды
Фото: otyrar.tv

25 наурызда жоғалып кеткен Інжу Ескермес су арнасына батып кетіп, шыға алмай қалған. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті өкілі айтты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

5 күн бойы полиция, еріктілер, оқу орындары өкілдері қызды іздеп жатыр. Дрондар мен қызметтік иттер де іздеуге қосылған. Бейнебақылау камералары жазбалары қайта қаралғаннан кейін сол күні кешке Інжу Ескермес досымен бірге аулада ойнап, содан кейін арнаға барар жолға шыққаны анықталған.

"Інжумен ойнаған көрші қызбен әңгімелесу нәтижесінде олардың су арнасына барғаны анықталды. Қыз суға қол тигізгісі келіп, байқамай құлап кетіп, шыға алмаған. Қазір полиция жаңа іздеу жоспарын құрып, Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерін шақырды. Іздеу жалғасып жатыр", - деп түсіндірді Түркістан облысы Полиция департаменті өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова