- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркия Сирия мен...
Түркия Сирия мен Иракта әуе операциясын бастады
Түркия Сирияның солтүстігінде және Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қарсы әуе операциясын жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Twitter-де әуе операциясының алғашқы кадрларын жариялады. "Террористер ұясы тікелей соққылармен жойылады", - делінген жазбада.
Terör yuvaları tam isabet vuruşlarla yerle bir ediliyor! ?? pic.twitter.com/9jiFRn0hej
— T.C. Millî Savunma Bakanlığı (@tcsavunma) November 19, 2022
Әуе операциясына Pençe-Kılıç (Қылыш тырнақ) деген атау берілген.
"Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі бұл операция БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес жасалғанын айтады", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін күрдтердің "Сирия демократиялық күштерінің" (SDF) өкілі Фархад Шамси Түркия Сирияның солтүстігіндегі Кобани шекаралас қаласына соққы беріп жатқанын айтқан болатын.
Еске салайық, 13 қарашада Ыстамбұлдың туристер көп жиналатын көшесінде жарылыс болған еді. Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылысқа Күрдістан жұмысшылар партиясының қатысы болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина