Кейде түнде дәретханаға барғыңыз келуі мүмкін. Бірақ жылы көрпенің астынан шыққыңыз келмей немесе орныңыздан тұрғыңыз келмей, таңертеңге дейін шыдап жатасыз. Алайда дәрігер Юрий Габорец бұл әдеттің зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, түнде дәретханаға барғыңыз келсе, шыдау және орныңыздан тұрмау өте зиян. Бұл кезде бүйрек үлкен жүктемемен жұмыс істейді, оларға қанды сүзгілеу қиынға соғады, артериялық қысым көтеріледі және кіші жамбастағы іркілістік құбылыстар одан әрі дамиды.
"Сондықтан орныңыздан тұрып, дәретханаға барыңыз. Сондай-ақ ұйықтар алдында несеп айдағыш сусындырды, мысалы, шай және кофені көп ішпеңіз. Ұйықтар алдында ішетін дәрілеріңіздің нұсқаулығын оқып, олардың несеп айдағыш әсері бар-жоқ екенін біліңіз. Егер шөлдесеңіз, су ішіңіз, өзіңізді шектемеңіз", - дейді дәрігер.
Дәрігер егер түнде дәретханаға барғыңыз келуі сізді қатты мазаласа, тексерістен өтуге кеңес берді. Бірінші кезекте диабетке қан анализін және глюкозаға төзімділік тестін тапсырыңыз.
Ерлер мұндай жағдайға мұқият қарауы керек: егер түнде дәретханаға жиі баратын болсаңыз, уролог маманына қаралу қажет.
Әйелдерде де осындай проблема болса, кіші жамбас органдарын УДЗ-ға түсіріңіз және несеп анализін тапсырып, бактерияға тексеріңіз.