- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Цитрус жемістерінің құпиясы....
Цитрус жемістерінің құпиясы. Шайға қосылған бір түйір лимон тілімі денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін
Кейбір адамдар күнделікті шайға ерекше дәм беруі үшін қосып ішетін лимон тілімі денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Өйткені өнеркәсіпте өсіріліп, дүкен мен базар сөрелерінде сатылатын кез келген заманауи жемістер ауылшаруашылық химиясы мен тамақ өнеркәсібі технологиясының диірменінен өтеді. Ал бұл қауіпті химиялық заттек - тиабендазол деп аталады,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru-ға" сілтеме жасап.
Цитрус жемістерін теріп алғаннан кейін, ол саңырауқұлақтарға қарсы агент фунгицидпен өңделеді. Бұл химиялық заттектің арқасында жеміс шірімей, ұзақ уақыт сақталады. Фундигидке қоса, көбінесе тиабендазол қолданылады. Ол Е233 тағамдық қоспа ретінде белгіленеді. Оны цитрус жемістерінен бөлек, банан, дәнді дақылдар, картоп және кейбір көкөністердің өнеркәсібінде кездестіруге болады.
Денсаулыққа зияны
Тиабендазол жанама әсер тудыруы мүмкін. Мысалы, ол кейбір адамдарда астма, дерматит секілді және басқа аллергиялық әсердің дамуына әкеп соқтыруы ықтимал.
Апельсин, мандарин және лимонды тұтыну кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Маманның айтуынша, қуанышқа орай тиабендазол жақсы жуылады.
"Сондықтан, цитрус жемісінің қабығын ашымас бұрын оны жылы суда, арнайы сұйықтықпен жақсылап жуу керек. Химиялық зат цитрус жемісінен қолға жұғуы мүмкін болғандықтан, жемісті тазалап болғаннан кейін қолды да жуған жөн.
Ал лимонды суға бір шайып, кесіп, тілімін шай немесе басқа да сусынға салып ішу - қате. Лимонның қабығын ашу керек, сонда ғана тиабендазолдан улану қаупі азаяды", - деді терапевт, гастроэнтеролог Константин Спахов.
Сонымен қатар, дәрігер цитрус жемістерінің қабығынан цукат дайындау дұрыс емес екенін ескертті. Тиабендазол ағзаға тұрақты түрде ұзақ уақыт бойы енген кезде денсаулыққа зиянын тигізеді.
"Оның эндокриндік дисрапторлық қасиеті бар. Бұл гормондардың жұмысына, оның ішінде жыныстық гормондарға араласатын заттар. Ол жыныс мүшелері енді дамып немесе қайта құрылып жатқан ағза үшін қауіпті. Осыған байланысты әйелдер жүктілік, баланы емізу кезінде, ал балалар жасөспірім кезінде абай болу керек" , - деді маман.
Бұдан бөлек, тиабендазол бауыр, қалқанша безі және бүйрекке қауіп төндіруі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін балаға лимонды қай жастан бастап беруге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қаңлылар неліктен ғұндармен одақтасты?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә