Балаға лимонды қай жастан бастап беруге болады?

Балаға лимонды қай жастан бастап беруге болады?
Фото: crello.com

Лимон — аскорбин қышқылының және ағзаға қажетті көптеген биологиялық белсенді заттардың бағалы көзі. Бұл жеміс дәрумендерге, микро- және макроэлементтерге бай, оны бала рационына міндетті түрде қосу керек. Алада оны баламен «таныстыру» кезінде ата-ана дәрігердің ұсыныстарына құлақ түргені абзал. Бұл лимонның барынша пайдасын алуға және балада аллергияның даму мүмкіндігінің алдын алуға көмектеседі. Ендеше, балаға лимонды қай жастан бастап беруге болады?

Ата-ана бала рационына жаңа өнім қосарда оны балаға неше жастан бастап жеуге болатынын білуі керек. Лимонды алғаш рет балаға берген кезде оның кішкентай бөлігін беруден бастаңыз. Оны тек 9-10 айдан соң беруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, лимонмен «танысуды» оның кішкентай тілімін жылы суға салып, аздап қант қосып беруден де бастауға болады. Ал 1 шай қасық лимон суы қосылған шайды балаға 1 жастан кейін ғана беру ұсынылады. Мұндай сусынды негізгі тамақтан бөлек берсеңіз, ол ағзаға жақсырақ сіңеді. Лимон сусындарын балаға аптасына 2-3 реттен артық бермеу керек. Лимон тілімін де аптасына 3 реттен артық бермеу ұсынылады.

Ал егер бала тағамдық аллергияға бейім болса, педиатрлар мұндай балаларға цитрусты жемістерді 1 жасқа дейін мүлдем бермеуге кеңес береді. Тіпті, кей жағдайда аллергияға бейім балаларға лимонды 2-3 жасқа дейін бермеу керегі де айтылады.

Бала лимон жегенді ұнатса да, бір бергенде 2-3 тілімнен артық бермеген жөн.  

А. Жапатова