Жол көлік оқиғасы, қатты жылдамдықпен жүру, биіктіктен құлау немесе спортпен айналысу кезінде мойын аймағындағы омыртқа немесе жұмсақ тіндер жарақаттануы мүмкін. Травматолог-ортопед Михаил Дорошев мұның қандай ауру екенін және оны анықтау неліктен қиын екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru" сілтеме жасап.
Көлік қатты жылдамдықта келе жатып, бірден тоқтап немесе қозғалыс бағытын өзгертетін болса, бас пен мойын белгілі бір бағытта бүгіліп, мойын аймағындағы омыртқа немесе жұмсақ тіндер жарақаттанады. Сондай-ақ, мойынның бүгілген аймағында нерв, омыртқааралық дискі, жұлын қысылып қалуы да мүмкін.
Жарақаттың ең жиі кездесетін белгілеріне мойын аймағындағы ауырсыну, мойынды қимылдату кезіндегі қиындық немесе бастың қалыптан тыс орналасуы, көру қабілетінің бұзылуы, қолдың ұюы пен әлсіздік, ал ауыр жағдайларда сал ауру және тыныс алудың бұзылуы жатады.
Мұндай жарақаттың алдын алу үшін:
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде науқастың мойын аймағындағы омыртқа немесе жұмсақ тіндер жарақат алғанына күдік болса, науқас нақты қажеттіліксіз қимылдамағаны жөн, оны қатты, тегіс жерге жатқызып, дереу жедел жәрдем шақыру керек, ол келгенге дейін тыныс алу күйін, жүрек соғысын және жәбірленушінің санасының дұрыстығын бақылау қажет.
Айта кетейік, бұған дейін травматолог қыста мұз үстінде құлап қалсаңыз қалай әрекет ету керегін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Оразаның қарызын қалай өтейді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!