Травматолог қыста мұз үстінде құлап қалсаңыз қалай әрекет ету керегін айтты

Травматолог қыста мұз үстінде құлап қалсаңыз қалай әрекет ету керегін айтты
Фото: Shutterstock

Қыста адамдардың тайып құлап, жарақаттану қаупі жоғары. Травматолог Рашид Саидов мұзға тайып құлағаннан кейін бас айналмауы үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Травматолог құлағаннан кейін ең бастысы - тыныштықты сақтау екенін айтты. Отырып, мұқият айналаңызға қарау керек. Күші бар аяққа сүйеніп, салмақ салып, баяу көтерілу керек. Егер жақын жерде орындық болса, оған отыру керек.

"Айналаңыздағы адамдардан көмек сұраңыз немесе туыс, достарыңызға қоңырау шалыңыз, 112 шақырыңыз. Ең бастысы - сабырлы болыңыз, жарақат алғаныңызды сезсеңіз де дүрбелеңге түспеңіз", - деді Рашид Саидов.

Айналаңыздағы адамдардан көмек күтіп отырған уақытта жарақат алған жеріңіз қатты ісініп, қабынып, қан кетпеуі үшін 5-10 минут қар не салқын жерге басуға болады. Қар не салқын зат болмаса, дәл осындай нәтиже болуы үшін зақым алған жерді бекітіп, тыныштандыратын тығыз таңғыш орап алыңыз.

Ортопед, егер құлаған кезде ауыр жарақат алған болсаңыз, травматологқа бару керек екенін ескертті. Себебі қандай зақым болмасын оны тек маман арнайы терсеру арқылы ғана анықтай алады. 

Егер денеңіздің бір бөлігі қатты ауырып, буын ісінсе ол созылмалы жарақат болуы мүмкін. Ал аяғыңыз әдеттегі күйінен басқаша тұрып немесе мүлде қозғалмаса ол дислокацияны білдіруі мүмкін. Осы секілді белгілерге қытырлау, қозғалмау не қысқарып қалуы қосылса, мұнда қол не аяқтың сыну қаупі жоғары. 

Бас жарақатын алған болсаңыз, жүрек айнуы, іштің ауыруы және бас айналуы пайда болады. Ал адам құлаған кезде есінен танып қалса, бұл бір қатты сілкіністің белгісі. 

Көктайғақ кезінде құлаудың алдын алу үшін не істеу керек?

Көктайғақ кезінде құлаудың алдын алудың ең негізгі жолы - табаны сырғанамайтын аяқ киім. Сондай-ақ, жерді аяқпен толығымен басып, баяу жүру керек. Егде жастағы адамдар тіреу үшін резеңке немесе өткір металл ұшы бар арнайы таяқ, сондай-ақ алынбалы, тікенді табанды етік киюі керек.

Рашид Саидов сөзінше, күтпеген жерден тайып құласаңыз да жарақат алу қаупін азайтуға болады. Ең бастысы, құлап жатқанда жерді қолмен тіреп қалуға тырыспау қажет, әйтпесе қолдың ашық сыну ықтималдылығы жоғары. Оның орнына қолыңызды жартылай иіп, қатты жарақат алмауға тырысқан жөн. 

Ал егер ішпен құлап жатсаңыз, иек, мұрын не маңдайыңызды мұзға соғып, жарып алмас үшін басыңызды артқа қарай еңкейтіңіз. 

Арқаңызбен құлап жатсаңыз, бастың артқы бөлігі ауыр жарақаттанбауы үшін иегіңізді кеудеңізге қарай тартыңыз. Арқамен құласаңыз, ауыр омыртқа жарақатын алмау үшін арқаңызды дөңгелендіруге тырысыңыз. 

Мүмкіндігінше бүйіріңізбен құлаңыз, қолыңызды жартылай бүгіп, бүйіріңізге созыңыз, салмақтың көп бөлігін иыққа түсіруге тырысып, екінші қолыңызбен басыңызды қорғаңыз.  

Айта кетейік, бұған дейін көктайғақта құламау үшін не істеу керегі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай қалалар ІХ–ХІІІ ғасыр басында ғылым мен мәдениет орталықтары саналды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә