Тоқаев Түрікменстандағы “Аваза“ кешеніне барды

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін "Аваза" кешеніне барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.

Еске салайық, 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды.

Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!