Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды. 

Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget