Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын Нұр-Сұлтан әуежайынан зор құрметпен шығарып салғаны хабарланды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты.
Еске салайық, бұған дейін Рим Папасының қарапайым көлігі елордалықтарды таңғалдырғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!