Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Фото: Reuters

Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", - делінген хабарламада.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.

Ж. Қадыржанова