- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Макронды әуежайдан...
Тоқаев Макронды әуежайдан құрметтеп шығарып салды
Франция президенті Эмманюэль Макронды Қазақстанға ресми сапары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Франция президенті Эмманюэль Макронды әуежайдан құрметтеп шығарып салды.
Еске салайық, бүгін, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін Эмманюэль Макронға алғыс айтты. Сондай-ақ Францияны Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтті.
Эмманюэль Макрон келіссөздерден кейін "Этноауыл" ұлттық көрмесін аралап, онда асық ойнап көрді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан