Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды

Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Франция басшысы Эмманюэль Макрон еліміздің бірнеше ведомство басшыларымен танысты. Салтанатты рәсім барысында екі елдің гимні орындалып, қарауыл сәлемдік баянат берді.

Еске салайық, сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар, алықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Олжас Адай

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!