Президент "Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлық мәтінінде.
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қорытынды нәтижені жариялады. Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс болатын.
Құрылтайға бес саяси партия өтті. Мандаттар былай бөлінді:
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны - 12 623 289 адам. Сайлауға 9 351 539 адам (тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы) қатысқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!